RU
Жаңа Зеландияның полиция басшысы ел алдында көзіне жас алды
Жаңалықтар Әлемде

Жаңа Зеландияның полиция басшысы ел алдында көзіне жас алды

Рассказать Вконтакте

Жаңа Зеландияның полиция басшысы көпшілік алдында мәлімдеме жасап тұрған сәтінде жылап жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео Instagram желісіндегі ztb_video тобында жарияланды.

Кадрдан полиция басшысының көпшілік алдында терактіден қайтыс болғандарды есіне алып, мәлімдеме жасаған кезінде көзіне жас алғанын байқауға болады.

"Алланың сіздерге сәлемі болсын! Барлығыңыз мені тыңдаңыздар. Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің.

Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың! Теракт кезінде қайтыс болғандар менің бауырларым. Елдегі барлық мешіттегі қауіпсіздік қызметі күшейтілетін болады", - деп еріксіз көзіне жас алды полиция басшысы.

Еске сала кетсек, Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасалып, нәтижесінде 49 адам қаза тапқан. Нұрсұлтан Назарбаев жаңазеландиялық генерал-губернаторға көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel