RU
Димаш Құдайберген "Ресейдегі ең сәнқой ер азамат" байқауында көш бастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген "Ресейдегі ең сәнқой ер азамат" байқауында көш бастады

Рассказать Вконтакте

Әнші Димаш Құдайбергеннің "Ресейдегі ең сәнқой ер азамат" байқауында көш бастап тұрғаны анықталды. Бұл туралы әншінің тыңдармандары жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаштың америкалық Dimashusafanclub фан клубы Instagram парақшасында әншінің "Ресейдің сәнқойлары - 2019: Ең сәнді азамат" байқауына қатысып жатқанын хабарлады.

Hello журналының сайтында қатысушылар "Классика", "Casual", "Богемді шик", "Ең сәнқой жұп" номинациясы бойынша бақ сынасуда.

Dimashusafanclub-тың жазуынша қазақстандық әнші тіпті көш басында келе жатыр екен.

Димашпен қатар "Ресейдің сәнқойлары - 2019" атағына тележүргізуші Иван Ургант, актер Константин Крюков, режиссер, актер және продюсер Федор Бондарчук, актер әрі шоумен Андрей Бурковский, продюсер Алексей Киселе таласуда.

Қаңтар айында бастау алған байқауда Димаш өз қарсыластарынан 89 пайызға ілгері тұр. "Ресейдегі сәнқой" байқауы сәуір айында өз мәресіне жетпек.

Оқырман әр номинацияның жеңімпазын дауыс беру арқылы анықтайды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel