RU
Бір түнде жұмыссыз қалған 45 адам Абу-Даби Плаза кеңсесінде шу шығарды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Бір түнде жұмыссыз қалған 45 адам Абу-Даби Плаза кеңсесінде шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Астанадағы атышулы "Абу-Даби Плаза" құрылысында кезекті жанжал шықты. Бұрынғы жұмысшылар оларды бір түнде ешбір ескертусіз және өтемақысыз жұмыстан шығарып жібергенін мәлімдеді деп хабарлайды Atameken Business Channel сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абу-Даби Плаза аясында жанжал: бір түнде 45 адам жұмыссыз қалды

Коллаж: Видеодан скриншот/elorda.info

Бұрынғы қызметкерлердің сөзінше, олар 12 наурыз күні әдеттегідей жұмысқа келген. Бірақ, өздерінің қызметкерлер тізімінде жоқ екендерін анықтаған. Анықталғандай, оларды ешбір ескерту мен түсіндірусіз жұмыстан шығарып жіберген екен.

"Мен мұнда үш жыл жұмыс істедім. 12 наурыз күні жұмысқа келгенімде, кіре алмадым. Абу-Даби Плаза басшылығы ескертусіз біздің кіретін рұқсаттарымыздың күшін жойған. "Строй Контракт" компаниясының басшылығы мұны бізбен бірге білді", - деді Венера Дадыбаева.

Айта кететін жайт, бұрынғы қызметкерлер екі айдың жалақысын алмаған.

"Строй Контракт" өкілдері бұл жағдайға шетелдік компанияның басшылығын айыптап отыр.
"Негізгі тапсырыс беруші бұл адамдардың жұмысына көңілі толмаған. Біз де олар сияқты бір күн бұрын жұмыстан шығару қажеттігі туралы ескерту алдық. Үш күннің ішінде жалақы төленеді", - деді компанияның ресми өкілі Марина Лебезина.

12 наурыз күні жұмыстан шығарылған қызметкерлер 15 наурызда жалақыларын алуға тиіс болған.

Заңгер Бағдат Нұрбаевтың сөзінше, қазақстандық компаниялар шетелдіктермен келісім жасаған кезде бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарап, өз жұмысшыларының жағдайын ойлау керек.

"Мына жағдайға келетін болсақ, еңбек заңына сәйкес, жұмыс беруші алда болатын қысқартулар жайлы бір ай бұрын ескертуі тиіс.
"Еңбек заңнамасы бұзылған. Жұмысшылар еңбек инспекциясына жүгініп, өз құқыларын қорғай алады", - деді заңгер.

Телеарнаның айтуынша, қазақстандықтар бірнеше рет жалақының төленбеуі мен еңбек жағдайына шағымданған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неше рет жұмысшыларды қорғауға уәде берген екен. Бірақ олар қолданған шаралар жеткіліксіз сияқты.

Жұмыссыз қалған 45 адам мәселе бір шешімін табады деп үміттеніп отыр. Әрқайсысының несиелері, отбасы және балалары бар.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel