Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі сиырмен ғана байып кеткен шымкенттік кәсіпкер туралы не білеміз?

Опубликовано:

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтың басшысы 2000 жылы өз жұмысын екі сиырмен бастаған. Бүгінде аяқтан тұрған қожалықтың меншігінде 120-дай ірі қара бар деп хабарлайды Отырар арнасы.

фото: Отырар арнасы
фото: Отырар арнасы: Facebook

Қожалық иесі шаруашылықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Мен бұл шаруаны екі сиырмен бастадым. Алдымен өсіріп, семіртіп біреуді екеу ету мақсатында жас таналарға ауыстырдым.

Малдың басы құрала бастағаннан кейін мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша көмек алдым. Бұл да шаруамның алға жылжуына көмегін тигізді.

Мал санын ұлғайтқым келеді. Бірақ техника жеткіліксіз, енді мемлекеттік қолдаудың арқасында осы қажеттілікке қол жеткізіп алуды жоспарлап отырмын", – деді Шухрад Абдукаримов.

Қазіргі уақытта қожалық сүт өндіруді де қолға алған.

Абдукаримовтің сөзінше, күн сайын екі тонна сүт өндіреді.

Ол жеті адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын, оларға 80-150 мың аралығында жалақы төлейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784014-eki-siyrmen-gana-bajyp-ketken-symkenttik-ksipker-turaly-ne-bilemiz/

pixel