RU
Министр еліміздегі ер адамдардың қатерлі дертке жиі шалдығатынын айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр еліміздегі ер адамдардың қатерлі дертке жиі шалдығатынын айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар арасында сүт безі, өкпе және асқазан обыры кең таралған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжілістегі үкімет сағатында мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Елжан Біртанов, фото: mz.gov.kz

Елжан Біртанов, фото: mz.gov.kz

Біртановтың айтуынша, 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша елімізде қатерлі ісік диагнозымен 181 000 науқас диспансерлік бақылауға қойылған.

Былтыр 35 753 адам бірінші рет есепке алынды. Олардың 44,3%-ы – ерлер және 55,7%-ы – әйелдер.

"Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ы құрайды. Қатерлі ісікке алғаш шалдыққандардың 60%-ға жуығы – 18 жас пен 63 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдар", - деді министр.

Біртановтың сөзінше, қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің кең таралған түрлеріне сүт безі обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%) жатады.

Одан кейінгі орындарда жатыр мойыны қатерлі ісігі және тоқ ішек (4,7%) обыры тұр.

"Өлімнің негізгі себептері – өкпе (16,5%), асқазан (11,5%) және сүт безі қатерлі ісігі", - деді Біртанов.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel