Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі ресми елшісі атанды

Опубликовано:

Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің жаңа елшілерін тағайындады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org: Twitter

Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Берік Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды;

Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Асқар Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды.

Сондай-ақ, Дастан Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі мен қосымша атқарған Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бақыт Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды;

Ерік Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784024-kajrat-bdirahmanov-kazakstanny-svecia-koroldigindegi-resmi-elsisi-atandy/

pixel