Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі баласы бар жігіттің арбауына түскен бойжеткен жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Кездесіп жүрген жігіті үйленген болып шығып, оның әйелімен танысып, құрбы болған бойжеткен өз хикаясымен бөлісті деп жазады Алаш айнасы.

Жігітінің әйелімен дос болған бойжеткен сырын ақтарды
Көрнекі фото: belnovosti.by: Facebook

Сырын ақтарған бойжеткен өзін алдаған жігітпен құрбысы арқылы танысқан. Ол кезде кездесіп жүрген жігіті болмаса да, әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен сөйлесіп жүрген.

Әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт әскери қызметкер болған. Дегенмен, құрбысы таныстырған жігітті көрген соң, әскери жігітке көңілі суып қалыпты.

"Құрбым таныстырған жігіт нағыз романтик болып шықты. Күнде гүлін әкеледі, киноға шақырады. "Әйел  құлақпен сүйеді" деген рас екен, ол маған жылы сөйлеп, әдемі сөздер айтқан сайын арамыз жақындай түсті, жиі-жиі кездесіп, кездеспеген кездерде телефон арқылы сөйлестік. Сәл хабарласпай қалса, алаңдап іздеп тұратын болдым", - деп әңгімесін бастады ару.

Алайда Жаңа жылдың екі жігіттің арасынан таңдау жасау керек болғанда, ол романтик жігітті таңдап, әскери жігітпен дос болып қалуды ұйғарған.

Дегенмен бойжеткен романтик жігіттің одан жасырған бір нәрсесі барын сезе бастаған. Себебі ол көзіне тура қараудан қашып, жиі ауылға барады екен.

Сегізінші наурызда ол жыл сайын бұл мерекені анасының жанында атап өтетінін айтып, ауылға кеткен.

Ең қызығы әскери досы оны жетінші наурызда құттықтап, сыйлығын табыстап кеткен, ал сүйіктім дегені тоғызы күні ғана хабарласқан.

"Наурыздың оны күні ойымда еш нәрсе жоқ ұйқыдан тұрсам бір нөмір үш рет xабарласыпты, сосын WhatsАрp-қа "Сен осындай жігітке кім болып келесің? Нөмеріңмен жиі xабарласқан екен, қандай мақсатпен xабарласасың?" деген хабарлама келіпті. Мен басында түсінбей, сосын әңгіменің мән-жайын түсіну үшін "Сен кімсің?  деп жаздым. Ол бірден "әйелімін", деді.
Жүрегім зырқ ете түсті. Бірден "Жұмыстағы әрептесімін, жұмыс барысында жиі хабарласуға тура келеді" деп жаздым. "Әріптесімен сонша жиі сөйлесе ме?" деп қоймайды. Мен ашуланып кеттім де, "Күйеуіңді тергесеңші", дедім", - дейді кейіпкер. 

Осылай жігітінің әйелімен танысып, ол келіншек өзіне мұңын шағатын болған. Күйеуінің өзіне суып кеткенін, ұл-қызына дұрыс көңіл бөлмей жүргенін айтқан.

Шындықты білген бойжеткен келесі кездескенде жігітіне бәрін білетінін, енді оны көргісі келмейтінін айтып, мазасын алмауын өтінген.

Жігіт болса, ажырасатынын айтып, "бәрібір менікі боласың, жауапсыз махаббатымсың, сені ешкімге бермеймін" деген сынды хабарламалар жазаған.

Бойжеткен болса, әскери жігітпен көңіл қосып, қазір бақытты екенін айтып, ағынан жарылды.

Ол өзінің хикаясы басқаларға сабақ болар деген үмітпен жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1784030-eki-balasy-bar-zigitti-arbauyna-tsken-bojzetken-zan-syryn-aktardy/

pixel