RU
Наурыз қарсаңында көпбалалы жанұяларға ерекше сый жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Наурыз қарсаңында көпбалалы жанұяларға ерекше сый жасалды

Рассказать Вконтакте

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыдағы көпбалалы жанұяларға естен кетпес сый жасалды. Ұлттық бұйымдарды насихаттайтын бастамашалық топ әрбір отбасыға бір-бір домбырадан ұстатқан еді. Алайда, ұлттық аспапқа қызығушылық танытқан балалар саны көп болғандықтан, бір отбасына екі-үштен домбыра тарту етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса, әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домбыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады", - деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі.

Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады.

"Елбасымыз домбыра күнін де арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында күй шертетін, ұлттық аспапта ойнайтын ұрпақтың қатары неғұрлым көп болса деген ниетіміз бар", - деді ол.

Ал көпбалалы ата-аналар балаларына домбыра сатып әперуді құнттамайтынын, кейде оған бола ақша жұмсағысы келмейтіндерін айтады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мереке қарсаңында сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ. Мұндай шара жалғасын табарына сенеміз", - дейді ата-аналар.

Наурыз мерекесі қарсаңында қолға алынған шара барысында ұлттық бұйымдардың да көрмесі ұйымдастырылып, шеберлердің ағаштан, сүйектен, асықтан, теріден жасаған заттары қойылды. Көнеден келе жатқан бұйымдарды қазіргі заманға қалай бейімдеп, қолдануға болатыны да таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel