RU
Алматыда Instagram арқылы елді құрығына түсірген жас жігіт ұсталды

Алматыда Instagram арқылы елді құрығына түсірген жас жігіт ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Instagram арқылы қолданушыларды алдап, олардың алты миллион теңгесін жымқырған деп хабарлайды NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 23 жастағы алаяқ 
интернет арқылы алты миллион теңгені қолды еткен

Көрнекі сурет: newsbuzz.ru

Жұмыссыз азамат Olimp_bets_kzzz парақшасын ашып, букмекерлік кеңселарде ақшаны көбейтіп беруді ұсынған.

Ақшалары 10 есе көбейтуді қалаған адамдар ер адамның Qiwi әмиянына ақша аударып отырған.

Ақша алғаннан кейін алаяқ "клиентермен" байланысқа шықпай, олардың парақшасын бұғаттап отырған.

Жалпы қылмыскер алты миллион теңгені иемденіп алған.

Аталмыш факті бойынша "Ақпараттық жүйе қолданушыларын алдау арқылы алаяқтық жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматы полициясы жоғарыда аталған парақша иесінің әрекеттеріне алданған азаматтарды төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 298-51-36; 8-747-818-31-99 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel