RU
Сапарбаев көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болатынын айтты

Сапарбаев көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Нұр Отан" партиясының астаналық бөлімшесінде көпбалалы аналармен кездесіп, "Алтын алқа" иегерлеріне жеке тұрғын үй кезегі құрылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қыздар, айғайламаңдар": Сапарбаев Астанада көпбалалы аналармен кездесті

Фото: azh.kz

"Жалпы кезекте тұрмайды. Оларға ("Күміс алқа" және "Алтын алқа" иелері) жеке кезек бар. Бірінші қабатта кездескен кезде, көпбалалы аналарға жеке кезек құру мәселесін қарастырып жатқанымызды айтқан болатынмын. Бірақ бәрі біртіндеп болады", - деді ол.

Ол көпбалалы аналарды өзін мұқият тыңдауға шақырды.

"Қыздар, айғаламаңыздаршы, өтінемін. Біз бәрін жан-жақты қарастыруымыз керек. Қанша ақша қажет, қанша пәтер тұрғызу керек және т.б. Өтінемін. Барлықтарыңыз оқыған, мәдениетті, сауатты адамдарсыздар. Соны көрсете біліңіздерші. Тіркелу мәселесіне келер болсақ. Міндетті түрде тіркелген болуға тиіссіз, онсыз болмайды. Заң, тәртіп деген нәрсе бар. Сұрақтарыңыз болса, әкімшіліктен жеке сұраңыздар", - деді Сапарбаев.

Сөзінің соңында ол қазақ әйелдері өмірдің ең қиын сәттерінде де сабыр сақтап, абыройларын қорғай алатындарын еске салды.

"Бұл бір күнде шешілмейді. Жан-жақтан айғайлағандарыңыздан мәселе шешілмейді. Бәрін жазып алдық, қыздар. Кімге көмек көбірек қажет екенін анықтау үшін жеке әлеуметтік карталар құрастырдық. Тәртіп сақтайық. Қыздар, ешбір жағдайда қазақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Қазақ әйелдеріне дәстүрді сақтап, өзін мәдениетті ұстау тән. Сіздерден соны ғана сұраймын", - деп өтінді министр.
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel