RU
Роза Рымбаева ұлының Димашқа қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева ұлының Димашқа қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Роза Рымбаева Димаш Құдайберген туралы ойын айтқан ұлының сөздеріне қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы ғаламторда қызу талқыланып, дауға ұласқан жағдайда кімді қолдайтынын жасырмай айтты деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, Esquire Қазақстан, Hello Russia. коллаж: NUR.KZ.

Фото: Instagram, Esquire Қазақстан, Hello Russia. коллаж: NUR.KZ.

Роза Рымбаева басы дауға қалған ұлы Әли Оқаповтың мәселесіне қатысты ойын ортаға салды. Әнші мұндай жағдайда ақталып, кешірім сұраудың мүлде қажеті жоқ деп есептейді.

"Әркім өз пікірін білдіруге толықтай құқылы. Әли кәсіби адам ретінде өз ойын жеткізді. Ол Димашты жаман музыкант деп атаған жоқ. Менде оны ғажайып даусымен танылған жұлдыз әрі әнші ретінде мойындаймын.
Біз бәріміз одан керемет ән күтеміз. Бізге сұрақ қойылады - біз оған шынайы жауап береміз. Сосын бәрі бізге шүйлігіп шығады. Себебі, біздің халқымыздың әдеті мен мәдениеті сондай" , - деді Роза Қуанышқызы.

Айта кетейік, Әли Оқапов Димаш Құдайбергенде хит әннің жоқтығы айтқан болатын. Әншінің бұл пікірі Димаштың тыңдармандарына ұнамай, Оқапов желіде толассыз сынның астында қалған.

Кейін Әли Оқапов айтқан пікіріне қатысты өз ойын түсіндіріп, кешірім сұрады.

Ол бар болғаны Димашқа ағалық кеңесін беруге ниетті болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
26
2
0
1
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel