RU
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жүкті кезінде түсінде президентті көргенін айтып, мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жүкті кезінде түсінде президентті көргенін айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жүктілігі кезінде орын алған қызықты оқиғасы жайлы айтып берді. Анықталғандай, Мөлдір Мұқанова аяғы ауыр болғанында түсінде қайта-қайта президентті көрген. Бұл жайлы әзілкештің жары "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы жүктілігі кезінде күнделікті түсінде Елбасын көргенін жеткізді. Соған орай, жақында ғана күйеуіне ұл сыйлаған келіншек перзентінің мемлекет басшысы іспеттес мықты азамат болар деп жорыған.

"Ұлымның есімін Райымбек деп қойдық. Өзі туғанда да ерекше, бір қолын көтеріп дүниеге келді. Соған қарағанда батыр, халқым дейтін азамат болады деген үміттемін. Бұл баламның тағы бір ерекшелігі, аяғым ауыр кезінде екі күннің бірінде Елбасын түсімде көре бердім. Күнде көрем да, бақытты болып оянамын.
Ол кісіні теледидардан көрсем, бір күнделікті өзімнің ағамды көргендей болып қаламын. Тоғыз ай бойы мүмкін емес қой күнде-күнде президентті түсінде көру деген. Жақсылыққа жоримыз ғой. Мүмкін бір сондай ерекше бала болатын шығар деген ойдамыз" , - дейді Мөлдір Мұқанова.

Сіздің реакцияңыз
20
1
2
0
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel