Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық ипотека алу үшін табыс мөлшері қанша болу керек?

Опубликовано:

Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық ипотека алу үшін отбасының табысы қандай мөлшерде болуы тиіс екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жылдық 2% ипотека алу үшін қазақстандықтар қанша жалақы алуы тиіс
Көрнекі фото: stroy.expert: Facebook

Мұндай несиені көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар, мүгедек бала асырап отырған жандар, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар ала алады.

Төрт, не одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар көпбалалы болып табылады.

Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналды шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бюджеттен жеңілдетілген несиелеу мақсатында 150 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл 56 мың несие беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Жайымбетов арызды кезекте тұрып шаршаған отбасылар бере алатынын айтты.

"Мысалы сіз кезекте 1000-шы, 2000-шы болсаңыз, онда биыл немесе келесі жылы үй алу мүмкіндігіңіз төмен. Кезекте тұрғыңыз келмесе, онда 2 пайыздық жеңілдетілген несие алуыңызға болады", - деп түсіндірді шенеунік.

Мархабат Жайымбетовтың сөзінше, несиенің максималды мөлшері 15 млн теңге болады. Егер отбасы алты млн теңге несие алғысы келсе, отбасының табысы кем дегенде 56 850 теңге болуы керек.

Алғашқы 8 жыл төлем сомасы 31 600 теңгені құрайды, ал қалған 11 жылда бұл мөлшер 18 898 теңгеге азаяды.

Егер отбасына 9 млн теңге қажет болса, онда оның айлық табысы 72 650 теңгеден асуы тиіс. 12 млн теңге алу үшін, отбасының жалпы кіріс мөлшері 88 450 теңгені құрауы тиіс.

Максималды мөлшердегі несиені алу үшін отбасының табысы 104 250 теңгені құрауы керек.

Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 340 мың көпбалалы отбасы тұрады. Оның 28 мыңы кезекте тұр.

Жеңілдетілген несиелеу Тұрғынүйжинақбанкі арқылы жүзеге асырылады. Несие мерзімі 20 жыл. Алғашқы жарна мөлшері 10% құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784114-zyldyk-mlserlemesi-2-pajyzdyk-ipoteka-alu-sin-tabys-mlseri-kansa-bolu-kerek/

pixel