Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында балалардың үстіне алтыбақан құлап кетті

Опубликовано:

Маңғыстау облысында екі бүлдіршін алтыбақанның астында қалып қойды. Үстіне аса ауыр ағаш құрылымы құлап түскен балақайлар көптеген жарақат алған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: yvision.kz
Көрнекі фото: yvision.kz: Twitter

Оқыс оқиға 14 наурыз күні Ақшымырау ауылыныда болған.

Анықталғандай, тоғыз және алты жасар қыздар басқа балалармен бірге алтыбақан тепкен. Алайда, әткеншек салмақты көтере алмай, бүлдіршіндердің үстіне құлап түскен.

"Қыздарда жабық бас-ми жарақатымен қоса мидың шайқалуы және іш жарақаты анықталды. Олар санавицияның көмегімен жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккен бір қыз есінен танып қалған. Дәрігерлердің жедел түрде көмек көрсетуінің нәтижесінде балалардың жағдайы тұрақтанды. Қазіргі таңда олар травматология бөлімінде жатыр. Ауруханадан шығуға дайындалуда" , - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1784126-magystau-oblysynda-balalardy-stine-altybakan-klap-ketti/

pixel