RU

Назарбаев Мұсылмандар діни басқармасының жаңа ғимаратына барды (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен әңгімелесті.

"Сіздердің жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалды. Біз сіздермен бірге халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Егер мемлекетте бірлік пен келісім болмаса, ондай елдің болашағы жоқ", – деді Қазақстан президенті.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, Діни басқарманың жұмысына табыс тіледі.

"Нұрлы Астана" корпоративтік қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысын 2015 жылдың қазан айында бастап, 2018 жылғы желтоқсанда аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1784136-nazarbaev-msylmandar-dini-baskarmasyny-zaa-gimaratyna-bardy-foto.html