RU
Павлодар тұрғыны көшеде екі баланы соққыға жыққан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар тұрғыны көшеде екі баланы соққыға жыққан

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 32 жастағы азамат 2009 бен 2010 жылғы екі баланы көшеде соққыға жыққан. Зардап шеккен жасөспірімдер облыстық ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павлодардағы Минина көшесінде орын алған оқиға туралы ақпарат "102" қызметіне 16 наурыз күні сағат 23:00 шамасында келіп түскен.

Балаларды ұрған азамат тұтқындалды. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.

Жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабына сәйкес іс қозғалған. Тәртіп сақшылары бүгінде тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Оның нәтижесінде процессуалды шешім қабылданатын болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваға сілтеме жасаған Sputnik Қазақстанның мәліметінше, зардап шеккен балалар қажетті ем қабылдап жатыр.

Хатшы екі балақайдан да бас-ми жарақаты мен мидың шайқалуы анықталғанын хабарлады. Оған қоса, олардың басы, беті, кеуде қуысы мен мойнынан сансыз ісіктер табылған.

Жасөспірімдердің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Олардан неврологиялық симптоматика анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel