RU
Шымкентте 27 оқушы белгісіз заттан уланып, ауруханаға түсті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Шымкентте 27 оқушы белгісіз заттан уланып, ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте №54-ші мектеп оқушылары белгісіз нәрседен уланып ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Liter.kz

Көрнекі фото: Liter.kz

Уланған 4,6,7-ші сыныптардың оқушылары бас айналуы, бас ауыруы секілді улану белгілері барлығына тән болған.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, жедел жәрдем қызметімен ауруханаға 27 мектеп оқушысы жеткізілген.

"Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Нақты неден улану фактісі орын алғандығы әлі анықталған жоқ. Белгісіз жағымсыз иіс мектеп ғимаратында және сыртқы аумағында да сезілген. Ауруханаға жеткізілген оқушылардың бірқатары қажетті ем домнан соң үйлеріне қайтарылуы мүмкін", - деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Газ компаниясының өкілдері мектеп ғимаратын, автономды жылыту қазандығын тексеріп, иіссіз газдың таралуы болмағандығын анықтаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы бірқалыпты орта деңгейде. Медикаментті терапия қабылдауда екен.

Қазіргі таңда ектеп оқушыларының нақты неден уланғандығын құзырлы органдар анықтау үстінде.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel