RU
Алматы облысында өрт сөндіруші науқас баланы аман алып қалды

Алматы облысында өрт сөндіруші науқас баланы аман алып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Балпық би ауылында өрт сөндіруші "құрысу синдромына" ұшыраған жасөспірімнің өмірін сақтап қалды. Оқиға құтқарушының тұрғын үй секторын аралау барысында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: arnapress.kz

Көрнекі фото: arnapress.kz

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында 6 наурыз күні болған.

Өрт сөндіруші Нұржан Сапаш Жексембаевтар отбасының үйіне келіп, есікті қаға бастайды. Дәл осы сәтте 2004 жылы туған Темірлан ұйқыда денесі құрысып жатқан. Есік қағысынан алдымен Темірланның ағасы бірінші ояныпты. Артынша, ол ұстамасы басталған інісін көріп, есі шығып, дереу көмек шақырған.

"Осы сәтте №32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қарысып қалған аузын ашып, тілін жұтқызбай, тыныс алу жолдарын босатқан. 1998 жылы туған Нұржан Сапаштың төтенше жағдайда абдырап қалмай, батыл әрекет етуінің арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл өзге әріптестеріне үлгі"- дейді сала мамандары.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel