RU
Шымкенттегі оқушылардың жаппай улануына қатысты жаңа деректер шықты

Шымкенттегі оқушылардың жаппай улануына қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы Ынтымақ шағынауданында орналасқан 54-мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты жаңа деректер шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Белгісіз иістен 22 бала, бір мұғалім, бір тазалықшы ауруханаға жеткізілген. Тағы да 12 оқушы медициналық көмекке жүгініпті. Зардап шеккендердің саны 39 адамды құраған екен.Олардың жағдайы жеңіл дәрежелі деп сараланған. Ауыр дәрежелі уланғандар жоқ. Кешкі сағат 21:00-ге дейін 33 адам үйлеріне қайтарылған. Ауруханада алты бала ғана ем алуды жалғастырып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жаппай улануға себеп мектеп аумағынан тыс болуы ықтимал. Оқиға орнынан 100 адам, яғни оқытушы құрам мен техникалық қызметкерлер, 877 оқушы эвакуацияланған. Сабақ бірден тоқтатылды.

Оқушылардың сөзіне қарағанда, газға ұқсас иіс мектептің үшінші қабатындағы ашық тұрған терезелерден де тараған. Автономды жылыту қазандығы мектептен елу метр қашықтықта орналасқан екен. Жылы ауа райына байланысты табиғи газбен жылыту тоқтатылыпты.

Уланудың басты себебі әлі нақтыланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
2
4
1
8
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel