RU
Түркістан облысында өзіне қол салған оқушының өлер алдындағы хаты табылды

Түркістан облысында өзіне қол салған оқушының өлер алдындағы хаты табылды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты Шардара ауылында өзіне қол салған тоғызыншы сынып оқушысы өзін өлімге апалы-сіңлілі мұғалімдері итермелегенін айтып, хат жазып кеткен. Енді оқушының туыстары мұғалімдердің қатаң жазалануын талап етуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Түркістан облысында өзіне қол салған оқушының туыстары, жеткіншекті өлімге итермелеген мұғалімдерді қатаң жазалауды талап етуде

Көрнекі фото: newsar.ro

Жүзтай әулетінің қара жамылғанына екі ай болған. Қаңтардың ортасында сегіз жастағы ұлы аурудан көз жұмса, екі ай өтпей жатып 14 жастағы ұлы өзіне қол салған.

Ағайынды қос ұлдан айырылған туыстары оқушының жастығының астынан соңғы хатын тауып алған. Онда оқушы соңғы бірнеше жыл бой апалы-сіңлілі ұстаздарының оған күн көрсетпей жүргенін жазған.

"Баратова Айсұлу, Баратова Жанар деген апайлар... Айсұлу апай үнемі мені кемсітіп сөйлейді. Жексұрын, тәрбиесіз, жетесіздер, арамтамақтар деп атайды. Осындай сөзді естіп жүргеніме үш жыл болды. Бұдан былай мұндайға шыдай алмаймын, мектеп бітіруіме әлі екі жыл бар. Бүйтіп қорлықпен өмір сүргенше, өмір сүргім келмейді. Кеше інім қайтыс болғанда мектептен келе жатқанымда Жанар апай "сауап болыпты өлгені" деді", - деп немере ағасы Бақыт Қалдыбеков марқұмның хатын оқып берді.

Алты жыл бұрын көз жұмған әкесін сағынғанын жазған оқушы, "жетім" деп көзге шұқитын апалы-сіңлілі мұғалімдерді жазалауын сұрапты. Сондықтан туыстары енді мұғалімдердің қатаң жазалануын талап етіп отыр.

"Ақсақалдарын салып жатыр. Біз кешіре алмаймыз. Кешірім бергенде де хатты өзіңіз де оқып отырсыз. Оларға да оқыттық. Сөйлеуге шамасы келмей кетті. Енді біздің талап-тілегіміз аузымен жасағанды, мойнымен көтеру керек", - деді Бақыт Қалдыбеков.

А.Әлімбетов атындағы мектеп ұжымы да көп жылдар бойы жұмыс істеген әріптестеріне қолдау сөз таппады.

"Енді оқушыға шынымен сондай нәрсе істеген болса, жұмыс істеуі мүмкін емес қой. Қалай болады ол. Енді оны өздерінің ары біледі ғой оны", - деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыгүл Өтегенова.

Қазір "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айып хаттың түпнұсқасы да ішкі істер бөлімінде. Әзірге апалы-сіңлілі педагогтар да жұмысын жалғастырып жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Түркістан облысы Шардара ауданында 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсап, өліміне мұғалімдерін кінәлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
2
7
25
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel