RU
Өте сымбатты жігітке тұрмысқа шыққан келіншек тозаққа айналған өмірін баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Өте сымбатты жігітке тұрмысқа шыққан келіншек тозаққа айналған өмірін баяндады

Рассказать Вконтакте

Осыдан 7 жыл бұрын өте сымбатты азаматқа тұрмысқа шыққан ақтаулық келіншек мұңнын шақты. Айтуынша, күйеуі отбасылы болса да, қыздармен көңіл көтеруін қоймаған. Жүрегін ауыртып, жанын жаралаған хикаяны ақтаулық келіншек KAZ.NUR.KZ-ке айтып берді.

Көрнекі фот: оdiet-tips.ru

Көрнекі фот: оdiet-tips.ru

Бүгінде күйеуінің өзін бағалауды қойғанын айтқан Ләззат (ред.ескертпе кейіпкердің аты-жөні өзгертілген) есімді келіншек жарымен тойда танысып, тұрмысқа шыққан.

"Менің жасым қазір 29-да. Күйеуім өзімнен 3 жас үлкен. Оқу бітіріп жұмысқа орналасқаннан кейін, тұрмысқа шыққан едім. Болашақ күйеуіммен жақындарымыздың үйлену тойында таныстық. Қанат екеуміз 1 жылдан астам уақыт кездесіп жүрдік. Күйеуім табиғатынан өте сұлу жігіт.
Бойы ұзын, аққұба, қасы мен көзі қап-қара. Үнемі спортпен шұғылданып, өзіне көп көңіл бөледі. Талғаммен киініп, тап-таза киініп жүреді. Қымбат әтір су пайдаланбаған кезі болған емес. Бойдақ кезімізде күйеуіме көз салып, сыртынан ғашық болып жүретін қыздар аз емес еді", - деп бастады әңгімесін Ләззат.

Алайда, отбасын құрғаннан кейін де бұл жағдай мүлдем өзгермепті. Ләззаттың айтуынша, күйеуінің айналсында қыз-келіншектер толастамаған. Күйеуі де қызғануға себеп беріп, бірнеше мәрте әйелінің көзіне шөп салғанын білдіріп қойған екен.

"Әуел баста менің Қанатқа тұрмысқа шығуыма анам қарсы болған. Сымбатты еркекпен бақыт таппайсың деген еді. Бүгін сол кісінің айтқаны айдай келіп отыр. "Күйеуін өзінің сымбатты екенін, әйелдерге айрықша ұнайтынын біледі" деген еді.
Бірақ отбасын құрып, балалы болғаннан кейін жағдай өзгереді деп үміттендім. Бірақ дүниеге келген ұлымыз да Қанатты ойландырған жоқ. Бірнеше мәрте телефонындағы хабарламаларды оқып қойдым. Бір мекемеде жұмыс істейтін Майра есімді әйелмен кездесіп жүргенін білдім. Үйімізде жанжал болып, заттарымды жинап кетіп қалғым келді. Бірақ ұлым үшін отбасымды сақтап, кешірім бердім", - дейді жас келіншек.

Ләззат күйеуімен бірге қонаққа барғысы келмейтінін айтады. Жақындарының барлығы жас келіншектің сыртынан күлетіндей көрінеді екен. Тіпті Қанат жұмыс істейтін мекеменің корпоративтік кештеріне де баруға ынтасы жоқ. Себебі жаңа жылдық мерекелік кештен кейін, көңілі түсіп үйіне жылап қайтқан.

"Биыл 2019 жылды қарсы алуға арналған мерекелік кешке барған едім. Күйеуім әрең дегенде ертіп кетті. Қанаттың әріптестерінің көпшілігі қыз-келіншектер екен. Жап-жас сұлу жандарға қарап көзін тояды. Дастарханға жиналғандардың барлығы маған қарап отырды. Қанаттың келіншегін көрдік ау деп күлгендер де болды. Күйеуім менің көзімше, бір әйелді биге шақырып, вальс биледі. Еш қысылмай оны құшақтап, күліп жүрді. Мұндай қорлыққа шыдай алмай, ешкіммен қоштаспай кетіп қалдым. Үйге дейін жылап, әрең жеттім. Қанат үйге келген соң, тағы да айғай болды", - дейді кейіпкер.

Жас келіншек күйеуімен төсекте де жиі жақындаспайтынын айтады. Бұрын құшақтамай ұйықтамайтын азаматы қазір алыстап барады екен. Оның үстіне бала туғаннан кейін Ләззат салмақ қосып алған. Осы жағдай да отбасылық қарым –қатынасқа әсерін тигізіп жүргенге ұқсайды.

"Бүгінде мен Қанаттың келіншегі емес, анасына айналып кеткен сияқтымын. Оның тамағын дайындап беремін. Киімдерінің бәрі жуулы, үтіктеулі. Өзіне қажет барлық жағдайды жасап отыр. Бірақ оның маған деген ешқандай сезімі жоқ. Баласымен де көп уақыт бірге өткізбейді.
Көбіне іссапарға кетіп қала береді. Бірақ жүрегіммен оның басқа әйелмен уақыт өткізетінін білемін. Ең сорақысы, ол өзінің сатқындық жасап жүргенін жасырмайды. Бастапқыда, кешірім сұраса, қазір бізді бағалауды қойды", - дейді мұңын шаққан келіншек.
Сіздің реакцияңыз
9
2
5
24
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel