RU
"Үйден шығудан қалдық": Көкшетауда тұрғындар ауылдасынан үрейленіп отыр
Жаңалықтар Қоғам

"Үйден шығудан қалдық": Көкшетауда тұрғындар ауылдасынан үрейленіп отыр

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда бір апта бұрын 46 жастағы азаматты ұрып өлтірді деген күдікке ілінген азаматтың босатылуы саяжай тұрғандарының мазасын қашырған. Қолына балта ұстап талай рет көршілеріне қоқан-лоққы көрсеткен азамат үшін бала-шаға түгілі ересектер де көшеге шығудан қорқып жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Көкшетауда адам өлтірді деген күдіктінің бостандыққа шығуы саяжай тұрғындарының зәре-құтын қашырған

Фото: Видеодан скриншот

Көптен көрінбей кеткен тұрғынның өлі денесін жұрттың бәрі сескеніп, үйін айналып өтетін Сабыр есімді азаматтың ауласынан тапқан.

Онда да учаскелік инспекторымен бірге барыпты. Ол өлікті бір бұрышқа жауып тастай салған. Полиция күдіктіні тұтқындаған. Бірақ көп ұзамай қамаудан босатқан.

Мұны естіген тұрғындардың зәре-құты қашқан.

"Қалай мен қорықпаймын. Үйден шығудан қалдық. Мен жұмысқа кеткенде әйелім жалғыз қалады. Міне, мына балалар үшін қалай қорықпайсың? Білесіз бе, ол балта ұстап бәрімізді талай қорқытқан. Марқұм, өзі осы балаларға қамқор болып жүретін. Бауырымыздай еді. Ешкімге зияны жоқ, қинап өлтірген екен өзін. Бірақ, жүрегі қысып қайтыс болды депті. Бұл өтірік", - дейді саяжай тұрғыны Иван Марчевский.

Марқұмның бас жарақаттары мен денесіндегі зорлық іздеріне қарап, олар тіпті алғашқы жасалған сараптама қорытындысына сенбей отыр. Анықтамада ол жүрек талмасынан қайтыс болды делінген.

Көршілерін қинап өлтірді деген саяжай тұрғындары прокуратураға шағым түсірді. Олар қылмыскерді неге бостандыққа жібергенін түсіне алмай жүр.

"1964 жылы туған Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық кодекстің 107-ші бабы бірінші тармағына, яғни, адам денсаулығына қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыстың аса ауыр емес түріне жататындықтан күдікті қамауға алынбайды. Сот-медициналық сараптама оның өліміне нақты не себеп болған жағдайды анықтайды", - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Саяжай тұрғындары ешкімге зияны жоқ көршілерінің өліміне қатысты адам қалайда заң алдында жауап беруге тиіс деп отыр.

Шағым жазылған жергілікті құзырлы органдар мәселені шешпесе, саяжай тұрғындары одан жоғары жаққа арызданбақ.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
9
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel