Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несиеге батқан алматылық әйел бұл жағдайдан шығудың жолын айтты

Опубликовано:

Жанар өзінің 52 жасында өмірі оңды өрнектелді деп санады. Жұбайы, балалары, Алматының ықшамаудандарында шағын болса да, өз пәтері. Мансабы да, оның көзінше, сәтті қаланып жатты: жоғары лауазымға тағайындалмаса да, жұмысы тұрақты, еңбекақысы нанға да, майға да, Жаңа жылға уылдырық алуға да жеткілікті болды.

Алматыда әйел несиелерге батып, бұл жағдайдан шығу жолын тапты

Кенже ұлдарына жуырда телефон ұсынды - несиеге алып берді. Ал өткен жылдың соңында Жанар өз жанұясына үлкен сыйлық жасады: барлықтары баяғыдан армандаған үлкен қымбат теледидар сатып алды. Ол да несиеге алынды, онда тұрған не бар? - деп ойлады Жанар. Қарай көр, ұялы телефонға алғанымды бір жылда жауып тастаймын, - деп санайтын, айына шығатыны бес мың майда-шүйдесімен. Теледидарды - екі жылда, айына он бес-ақ мыңнан.

Бірақ кенеттен бәрі өзгерді. Жұбайы жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген фирма жабылып қалды.

Еркек бір минутта жұмыссыз қалды, ал жанұя айлық табыстарының басым бөлігінен айырылды.

Ештеңе етпейді, қазір бөтен жұмыс табады, бұрынғыдан да жақсы өмір сүре бастаймыз, - деп ойлады Жанар.

Бір ай өтті, екіншісі өтті, жұбайына жаңа жұмыс сол күйі табылмады. Ана жерде аз төйлейді, мына жерге алмайды, ал кейбір жерде тіпті көлігіңнің болуы қажет. Сол уақытта "көлік сатып алу керек", - деп шешті Жанар. Сөйтіп банкқа барды. Ақшаны тез арада берді, себебі әйелдің несие тариxы жақсы, зейнетақы аударымдары тұрақты болды, және де 38 мың айлық төлемі қалтадан қатты ұрмайтын сияқты.

Бірақ өте бюджетті көлік алуға тура келді, ал бір жарым миллионға тең несие 4 жылға созылатын болды.

Сонда да Жанар мұңайған жоқ: жұбайым ақша таба бастасын, тез арада қарыздарымыздан құтыламыз.

Жұбайы шынымен де шаруаға қорғалақтамай кірісті. Жұмыс табылғанша таксида істей тұрамын, - деп орынды шешімге келіп, бірден келесі күні "аулауға" шықты. Бастапқыда бәрі жаман емес болды. Ақшалай түсім көп емес, табыстың бір бөлігі бірден бензинге кететін, сонда да қалған ақша күнделікті шығындарға жеткілікті болды. Несиелерді Жанар өз еңбекақысынан тартты.

Бірақ аз уақыттың ішінде "өте бюджетті көлік" кәдімгідей саудырап қалды: тарс-тұрс, сарт-сұрт етіп, ақыры сынды. Жұбайы бұндай "астауда" жүре алмаймын, жаңа көлік керек деп, үзілді-кесілді шешімге келді. Ал жаңа көлік алу үшін алдымен осыны жөнге келтіріп, сатып, үстінен тағы сонша ақша қосу керек. Жанар қайтадан банкқа барып несие алды (әріптесі бөтеніне баруға кеңес берді, онда пайыз азырақ сияқты). Тағы да 4 жылға, 42 мың айлық төлемімен.

Уақыт өткелі жұбайының "жұмысына" деген көңілі едәуір суыды. Кейінірек тұрып, ертерек оралып жүрді. Жарты күн бір орында тұрып жомарт клиент күтіп, немесе керісінше бензин жағып бос машинаны айдап келетін. Үйде ұрыс-керіс басталды, бастапқыда ақырын ғана. Бірақ бір-бірімен келіспеушілік үдейе түсті, ұсақ таластар тез арада кәдімгідей жанжалдарға айналды. Күндердің бірінде ол өзінің жаңа көлігіне мініп кетті де, қайта оралған жоқ. Тек оны іздеудін, күтудін керегі жоқ, бәрі жақсы, бірақ енді бөтен әйелмен екенін WhatsApp-пен xабарлап жазып жіберді.

Алматыда әйел несиелерге батып, бұл жағдайдан шығу жолын тапты

Ал Жанар болса қолындағы екі баламен, жалпы айлық төлемі 100 мыңға тең, және еңбекақысының үштен екі бөлігін құрайтын 4 несиемен қалды. Несиені өтеу үшін Жанар барлығында ақша үнемдеуге тырысты: балалардың ойын-сауығында, киімде, тіпті тамақта да. Коммуналдық төлемдер үшін қарыздар жинала бастады. Бәрі қалай аяқталатыны белгісіз, бірақ дәл сол уақытта Жанар істеп жүрген кеңсе өздерінің барлық жұмысшыларын жаңа еңбекақы карточкаларын алуға АТФБанкқа жіберді.

Сол жердегі бөлімше менеджері Жанарға өзінің барлық несиелерін арнайы 19% жылдық мөлшерлесімен* қайта қаржыландыруды ұсынды. Күмәнданып тұрған әйелге есебін жасап шығарды, банк оның барлық несиелерін жауып, тығыз болып тұрған қарыздарын жабу үшін үстінен тағы шамалы ақша беретін болды, сонымен ол айына 100 402 теңгенің орнына 60 000 теңге ғана төлейтін болды.

Енді Жанар уайымдамай несиелерін төлеп жүр, өмірге де ақша қалады. Ал жуырдан бері көршілес бөлімшедегі жағымды еркек оның көңілін тапқысы келіп жүр.

Бірақ бұл бөтен xикая.

Ал егер сіз де өз өміріңізді Жанар сияқты жақсы жаққа қарай өзгерткіңіз келсе, сайтқа кіріңіз, немесе кез-келген АТФБанк бөлімшесіне барыңыз, ол жерде сізге несиелеу және қайта қаржыландыру туралы толық ақпарат беріледі.

*СЖТМ 21,8% бастап

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784184-nesiege-batkan-almatylyk-jel-bl-zagdajdan-sygudy-zolyn-ajtty/

pixel