RU
Өзінен сегіз жас үлкен ауқатты жігітке сезімі оянбаған ару көпшіліктен кеңес сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен сегіз жас үлкен ауқатты жігітке сезімі оянбаған ару көпшіліктен кеңес сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

21 жастағы студент ару өзіне үлкен ауқатты кісінің тұрмасқа шығуға ұсыныс жасағанын айтып, жан сырымен бөлісті. Алайда ер азаматқа деген сезімі ашылмаған бойжеткен екі ойлы екенін айтып, жұрттан ақыл сұраған деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бойжеткен өзінен сегіз жас үлкен жігітпен көңіл қоспақ екенін айтып елден ақыл сұрады

Фото: volgapro.net.ru

Өзінің студент екенін айтқан бойжеткеннің сөзінше, ол өзінен сезгіз жас үлкен жігітпен сөйлесіп жүр екен. Қалталы азамат қызға сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Алайда сылқым "өзі сүймейтін жігітке тұрмысқа шығудың қажеті бар ма?" деген сауалға жауап іздеп жүргенін айтады.

"Мен ол кісіні жақсы көрмеймін. Ол кісіден бас тартсам, кейін мен өкініп қалмаймын ба деп те ойлаймын. Өзіңді сүйетін адамның болғаны да, біреуге керек екініңді сезінгенің, біреу сен үшін уайымдаса, бұның бәрі жақсы",- дейді бойжеткен.

Жасы отызға таяған жігітпен таныспас бұрын бойжеткен басқа жігітпен кездесіп жүрген. Оның айтуынша сол жігітке деген сезім әлі суымаған. Алайда тағдырдың жазуымен олар бірге бола алмаған.

"Ол кісімен араласпастан бұрын бір жігітпен жүрген едім. Ол адамға деген сезімім əлі де сөнбеген. Əрине, өзім сүйген адамға тұрмысқа шыққым-ақ келеді. Бірақ біздің жолымыз екі жаққа кетті. Бұйырмаған шығар. Алла тағалаға ғана мәлім ғой", - дейді өз сөзінде ол.

Сондай-ақ бойжеткен өзінің қарапайым отбасынан шыққанын, бірақ, жігіті секілді ауқатты болмаса да жағдайы жақсы екенін де айтып өткен. Арудың айтуынша ол ер азаматтың байлығына қызықпаған.

Ол жасы үлкен жігітті сүймесе де сыйлайтынын да айта кетті. Енді бойжеткен "сыйластық уақыт өте махаббатқа ұласа ма?" деген сауалға жауап іздеуде.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
2
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel