RU
Алматыда орталық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Алматыда орталық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Алматыда құқық қорғаушылар қалалық орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалинді тұтқындады. Ол пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері тұтқындалды

Нұрлан Тұрдалин Фото: ktovmedicine.ru

Сотқа дейінгі тергеу ісінің материалдары бойынша, аурухана басшысы алғашқы параны 12 наурыз күні алған.

“ACMEDA” ЖШС менеджері дәрі-дәрмек жеткізу жөніндегі келісімшартқа еш кедергісіз қол қою үшін ОҚКА басшысына 340 мың теңге берген.

Екінші пара алу фактісі де сол күні болған. Құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған басылым, “ABMG Expert” ЖШС-нің тауар жеткізушісі Тұрдалинге 1900 доллар табыстағанын жазды.

Бұл ақшаның есесіне аурухана басшысы мемлекеттік сатып алулар кезінде осы фирманың қызметіне жүгініп, онымен келісімшарт жасасуға уәде еткен.

15 наурыз күні шығарылған сот санкциясы бойынша Нұрлан Тұрдалин екі айға қамауға алынды.

Нұрлан Тұрдалин ОҚКА бас дәрігері болып 2017 жылдың ақпанында тағайындалған.

Аурухананың бұрынғы басшысы Марат Абдуллаев №7 қалалық аурухананың басшысы Әнуар Аманов дәрігерлерді науқастардың қалтасын қағуға шақырғаны үшін қызметінен кеткеннен кейін, орнына тағайындалған еді.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану тек "Время басылымы" ЖШС-ның рұқсатымен жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel