RU
Марқұм енесіне жан тебірентер жазба арнаған Оразымбетова елді жылатты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Марқұм енесіне жан тебірентер жазба арнаған Оразымбетова елді жылатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында анасындай болып кеткен енесінің өмірден өткені туралы қаралы хабарды жеткізді. Осы орайда әнші өзін келіні ретінде емес, туған қызындай көрген жолдасының анасына жантебірентерлік жазба арнаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы әлеуметтік желі арқылы екінші анасына деген құрметі мен махаббатын жеткізгісі келген көрінеді.

Әнші сезімге толы жазбасымен қоса, төрт жыл бұрын өткен концерті кезінде енесі екеуінің әсерлі сәтіннен видео да жариялаған.

"2015 жылы Астанада өткен концертімде жолдасымның анасын туған күнімен құттықтап, ән арнадым. Бұл әнді арнайы тапсырыспен жаздырдым. Дәл осы концерт болған күні анашым 80 жасқа толған еді. Бірақ, осы кешті көргендер "өз анаң отырғанда енеңе неге ән арнайсың" деп біраз жерге апарып тастап еді мені.

Бүгін аяулы анашымды 84 жасқа қараған шағында жер қойнына тапсырдық. Мен өз анамды атымен атаймын, себебі әжемнің қызымын.

Менің еркелігімді көтеріп, өнеріме әркез қолдау бола білген, келіні емес қызындай көрген анашым, жатқан жеріңіз жайлы,топырағыңыз торқа болсын! Менің әнші бола алмаған арманымды өзің жалғастыр, қазір заман жақсы ғой, күйеуің ұрыспаса айта бер деген пейіліңізден айналдым. Әнді керемет айтушы еді. Жаныңыз жәннаттың төрінен болып, Алла тағалам өз панасына алсын.
Айналайын ақ анам Қүшағың кең аспаннан... Алдыңда таулар аласа Биікпін деп мақтанған" , - деп жазған Гүлнұр Оразымбетова.

Желі оқырмандары әншінің қайғысына көңіл айтып, өз тілектестіктерін білдірген.

Сіздің реакцияңыз
10
3
2
5
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel