RU
Денис Тенді өлтірген жерде танымал әншінің айнасын ұрлап кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Денис Тенді өлтірген жерде танымал әншінің айнасын ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Рано Омарова автокөлік ұрыларының құрбанына айналды. Белгісіз біреулер көлігінің бір айнасын мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде ұрланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рано Омарова. Фото: Instagram

Рано Омарова. Фото: Instagram

Әнші болған оқиға жайлы Instagram парақшасында бөліскен. Ол қатты ашулы екенін жеткізген.

"Денис Тен көлігінің айнасы ұрлануына қатысты қайғылы жағдай жақында ғана болған сияқты еді. Тексерулер жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалса да, айна ұрлау әлі жалғасуда.
Мұны не үшін айтып отырсың дейсіздер ме? Өткен демалыстарда, тура сол жерде, сол көше қиылысында, 50 метр жер жетпей, менің көлігімнің айнасын алып кетті. Бәрін кесіп әкеткен, корпусын түгел. Екінші айнаны алып үлгермеген, себебі мен 20 минуттан кейін шықтым!", - дейді Рано.

Әнші қасында адам болғандықтан оларды үркітіп жібердім дейді. Әйтпесе не боларын білмейін деп отыр. Ол айнаны ұрлау тоқтамаса, демек ұрылар әлі де қаруланып жүр деген тұжырымға келген.

"Мұндай жағдайда қауіп мүлігімізге ғана емес, біздің өмірімізге төніп тұр деген сөз!", - деп баса айтты Рано Омарова.

Өнер иесінің сөзінше, полицейлер оқиға орнына тез келген, өте сыпайы болған. Алайда олар ол жерде камера бар-жоғын білмеген.

Раноның ойынша, қылмыскерлер табылмайды, бірақ табылып қалар деген үміт-те жоқ емес.

NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының ПД түсініктеме сұрап, сауал жолдады.

Еске сала кетейік, Раноның әндерін біздің әндерін біздің"Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
8
6
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel