RU
Ақтауда көшедегі шұңқырды жамап жатқан әйел адам жұртты таңғалдырды (видео)

Ақтауда көшедегі шұңқырды жамап жатқан әйел адам жұртты таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтау ықшам аудандарының бірінде көшедегі шұңқырды жамап жатқан әйел адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Келіншектің жол жөндеп жатқанда, коммуналдық қызмет жұмысшыларының қарап тұрғаны желі қолданушыларының ашуына тиген деп жазады Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда көшеде жол жөндеген әйел адамның қылығы жұртты таңғалдырды (видео)

Фото: Видеодан скриншот

Видео авторы әйел адамның өзі топырақ тасып, жол жасап жатқанын мәлімдеген.

"Адам өзі топырақ тасып, жол жасап жатыр Ақтауда. Ұят емес пе?", - дейді бейнеолик авторы.

"Қала жолдары" ЖШС өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Видеоға түскен қызметкерлер аула сыпырушылар екен. Олардың жөндеу жұмыстарына еш қатыстары жоқ.

"Жоспар бойынша жол жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады. Видеодағы қызметкерлер жол жөндеу жұмыстарымен айналыспайды", - деді "Қала жолдары" ЖШС баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel