Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аялдамаға соғылған Toyota жүргізушісі қамауға алынды

Опубликовано:

Алматы қаласының прокуратурасы жоғары жылдамдықпен жүйткіп келіп, аялдаманы соққан көлік жүргізушісі қамауға алынғанын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда аялдамаға соғылған Toyota: Күдікті тұтқындалды
Фото: sputniknews.kz: Depositphotos

Екі әйелдің өліміне әкелген жантүршігер апатқа қатысты іс ведомствоның ерекше бақылауында екен. Бұл істі жүргізетін прокурор да тағайындалған.

"Іс қылмыстық кодексті 346 бабының бесінші тармағы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Алматыда көлік аялдамаға соғылып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі зардап шеккен еді. Күні кеше олардың бірі қайтыс болғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784253-almatyda-aaldamaga-sogylgan-toyota-zrgizusisi-kamauga-alyndy/

pixel