RU
Оралда жетінші қабаттан секіріп кеткен оқушы ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда жетінші қабаттан секіріп кеткен оқушы ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында жетінші сынып оқушысы өз үйінің терезесінен секіріп кетті деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: kp.by/Дмитрий Ласьк

Көрнекі фото: kp.by/Дмитрий Ласьк

Мектеп директорының айтуынша, оқиға 18 наурыз күні кешке орын алған.

"Біздің мектептің оқушысы үйінің терезесінен байқаусызда құлап кеткен. Бақытымызға орай, ол ауыр жарақат алған жоқ. Қазіргі уақытта оқушы қыз ауруханада емделуде", - деді оқу орны басшысы.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушы осы арқылы өзіне қол жұмсағысы келген.

"Өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы 18 наурыз күні 11.30-да Орал қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінде болды. Қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті. Оны қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызды", - деді полиция.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, хабарлама 11.15-те түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына алты минутта, яғни 11.21-де барғанын жеткізді.

"13 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті. Ол қалалық көпсалалы аурухананың хурургиялық бөліміне жатқызылды", - деді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel