RU
Министр Роман Скляр қазақ тілін ауылға барып үйренгенін мойындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр Роман Скляр қазақ тілін ауылға барып үйренгенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр қазақ тілін қалай меңгергенін айтып берді деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ауылға бардым": Роман Скляр қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді

Фото: miid.gov.kz

Министрдің сөзінше, ол мемлекеттік тілді жиі ауылға бару арқылы үйренген.

"Марқұм әкем бала кезімде мені Жаңауылдағы досының үйіне жіберетін. Сол жерде тілді үйрендім", - дейді министр.

Шенеуніктің сөзінше, ол ешқашан мұғалім көмегіне жүгінбеген. Тілді өз бетімен меңгерген.

Министрдің пікірінше, әрбір азамат мемлекеттік тілге құрметпен қарау керек.

Еске сала кетейік, ақпанның аяғында мәжіліс депутаттары кандидатурасын бірауыздан қолдап, Роман Скляр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel