RU
Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары тағайындалды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары тағайындалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы келген деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мейіржан Мырзалиев. Фото: ontustik.gov.kz

Мейіржан Мырзалиев. Фото: ontustik.gov.kz

Мейіржан Мырзалиев жаңа қызметке Президент Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен тағайындалған.

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған. Ол 1998-2002 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін заңгер, 2005-2006 жылдары Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін экономист, 2010-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын, 2014-2016 жылдары Дьюк Университетін халықаралық саясат магистрі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Ол әр жылдары түрлі қызметтер атқарған.

Алматы қаласының әкімдігі: Құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007)

ҚР премьер-министр кеңсесі: Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009); Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013)

Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржылық корпорациясы (IFC) ( АҚШ, Вашингтон): Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибе (2015)

ҚР премьер-министр кеңсесі: Премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), премьер-министрдің кеңесшісі (2017).

Қостанай облысының әкімдігі: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Отбасылы екі ұл, екі қыз тәрбиелеуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel