RU
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 млн теңге ұрлаған
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 млн теңге ұрлаған

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі бес млн теңгеден көп сомада пара алып, бюджет қаражатынан 10 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары туралы толығырақ айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсауле Сайлауова. Фото: telegram/yyedilov

Нұрсауле Сайлауова. Фото: telegram/yyedilov

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаменті хабарлауынша, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары және жасырын тергеу әрекеттері аясында бұл іске облыс әкімінің бұрынғы орынбасарынан бөлек, басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар екені анықталған.

Ведомство бұрынғы әкім орынбасары бес мектеп-интернаттың асханасына жиһаз жеткізуге шарт жасасу үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілінен білім басқармасының бөлім басшысы арқылы 5,1 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінгенін айтты.

Бұл қаражат шартта көрсетілген жалпы сома- 34,1 млн теңгенің 15 пайызын құрап отыр.

Ұлттық бюроның мәліметінше, лауазым иесі Атырау облысы білім басқармасы, оған қарасты әдістемелік орталық басшылары және басқа да тұлғалармен бірлесе қылмыс жасаған.

Нақтырақ айтқанда, олар үлестес жеке кәсіпкерлер арқылы ақшаны қолма-қолға айналдыру жолымен және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы Қазақстанның білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 2016-2019 жылдарға бөлінген 10 млн теңге сомасындағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырған.

Күдіктілер ұсталып, Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, 18 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауованы қамауға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
6
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel