RU
СІМ қызметкері бюджет қаржысын күйеуінің есепшотына аударды деп күдіктеліп отыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

СІМ қызметкері бюджет қаржысын күйеуінің есепшотына аударды деп күдіктеліп отыр

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Шаруашылық басқармасы" директорының міндетін уақытша атқарушы бюджеттік ақшаны жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. Ол қаражатты азаматтық некедегі күйеуінің есепшотына аударып отырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Arnapress.kz

Көрнекі фото: Arnapress.kz

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" РМК директорының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды тұлға 783 мың теңгені заңсыз түрде азаматтық некедегі жұбайының есепшотына аударып отырған", -деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel