RU
Алматы қалалық аурухана бас дәрігерінің құрықталуы жайлы мағлұматтар анықталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматы қалалық аурухана бас дәрігерінің құрықталуы жайлы мағлұматтар анықталды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыдағы №12 клиникалық аурухананың бас дәрігерін құрықтау жайлы қосымша ақпарат берді. Нұрлан Тұрдалин мемлекеттік сатып алуға қатысты жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қалалық аурухана бас дәрігерінің құрықталуы жайлы мағлұматтар анықталды

Фото: 24news.in.ua

Алматы бойынша Ұлттық бюро департаменті клиникалық аурухананың бас дәрігерін пара алу фактісі бойынша күдікті деп таныды.

Ол жеке кәсіпкерден жалпы сомасы 200 мың теңгені құрайтын параны жүйелі түрде алып, аурухана ғимаратында "кәсіпкерлік қызметке" кедергі келтірмегені үшін күдікті болып танылған.

Сонымен қатар, бас дәрігер мемлекеттік сатып алу кезінде осы компанияға басымдық бергені үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 340 мың теңге мен 1950 доллар пара алды деп күдіктелуде. Аталған компания қалалық ауруханаға арнайы медициналық жабдықтар қоюы керек болған.

Қазіргі таңда бас дәрігер қамауға алынды. Тергеу әлі жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Нұрлан Турдалин сот санкциясы бойынша тұтқындалды.



Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel