RU
Қытайлық иероглифтер бейнеленген алмалар көкшетаулықтарды шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Қытайлық иероглифтер бейнеленген алмалар көкшетаулықтарды шошытты

Рассказать Вконтакте

Көкшетау тұрғындары дүкен сөрелерінде қытайлық жазбалар бейнеленген алмаларды көріп, жағасын ұстады. Ерекше жемістердің денсаулыққа зияны бар ма деген сауалға Ақмола облысының әлеуметтік денсаулық департаменті жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қытайлық йероглифтер бейнеленген алмалар көкшетаулықтардың зәресін ұшырды

Фото: Sputnik Қазақстан куәгерінен

Көкшетаулық Диляра Төлегенова "Кристалл" супермаркетінен ерекше алма сатып алғанын айтты.

"Мен әрдайым жергілікті алмаларды сатып алуға тырысамын. Осы жолы да "Салтанат" сортынан алған болатынмын. Бар болғаны төрт алма сатып алдым. Супермаркетте біз жеміс-жидек таңдай алмаймыз, сатушының өзі таңдап береді. Ештеңені байқамай, ақшасын төлеп кеттім. Үйге келіп, қызым алмаларды жуып жатқан кезде осы қытай жазбаларын көрдік. Төрт алманың үшеуінде жазба болды. Оның өзі жапсырмалы қағаз емес, нағыз бояу еді. Бірден қоқысқа тастай салдық. Дүкенге апарып өткізіп тастауға тіпті тырыспадым да" - дейді келіншек.

Әлеуметтік денсаулық сақтау департаментінің анықтауынша, бұл алмалар Қытайдан шыққан, дегенмен денсаулыққа еш қаупі жоқ.

"Иероглиф әлі піспеген алмаға жапсырылған қағаздың әсерінен қалып қойған. Күн сәулесі алманың қағаз тұрған бөлігіне түспей қалып, өзінен кейін осындай із қалдырған", - дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлерімен супермаркетке барып, нитраттардың құрамына экспресс-сынақ жасады.

Қытайлық йероглифтер бейнеленген алмалар көкшетаулықтардың зәресін ұшырды

Фото: Ақмола облыстық СЭС/ Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз
3
5
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel