RU
Жас жігіттермен қыдыратын енесінен шаршаған әйел жан сырын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Жас жігіттермен қыдыратын енесінен шаршаған әйел жан сырын айтты

Рассказать Вконтакте

Жас жігіттермен қыдыратын енесінен шаршаған келіншек жан сырын ақтарды. Ол ішкілікке салынған қайын атасы мен енесі отбасының берекесін кетіргенін алға тартты деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: 23-59.com.ua

Көрнекі фото: 23-59.com.ua

Шыдамы таусылған әйелдің айтуынша, оның қайын атасы мен енесі алкогольді сусынға қатты берілген.

"Менің енем мен атам қатты ішеді. Атам жұмыста болған кезде енем қыдырып, үйге қонбайды. Атамның ақшасын қалтасына салып алып, қыдырады. Атам соған күйініп, ішеді, әйеліне әлі келмегеніне жыным келеді. Бала-шағасы, келінінің көзінше ұялмай, үйге қыдырып-қыдырып келеді. Күйеуім соған жынданып, ол да ішеді",- дейді ол.

Ең сорақысы, ішімдіктің арбауында кеткен енесі жас жігіттермен көп қыдырады екен.

"Енемді талай рет жас жігіттердің көлігінен көргенбіз. Атам енемнің екінші күйеуі. Бұрынғы күйеуінен қайын ағам мен қайын әпкем қалған  Олар да аналарына ішпе, үйде отыр деп айтады, бірақ тыңдамайды. Мен енемнің ішетінінен ұяламын, абыройымызды төгіп болды", -дейді әйел.

Жанұясының беделін ойлаған келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
22
4
5
2
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel