RU
Турфирма қызметкерін лифтіде пышақтаған спортшы қыз тоғыз жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Турфирма қызметкерін лифтіде пышақтаған спортшы қыз тоғыз жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Теміртаудағы лифт кабинасында туристік компания қызметкерін өлтірген спортшы қыз тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Наталья Никитинаның жеке мұрағаты/NUR.KZ

фото: Наталья Никитинаның жеке мұрағаты/NUR.KZ

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев 37 жастағы Марина Кулешованы Қылмыстық Кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды.

"Айыпталушыны кінәлі деп танып, орташа дәрежедегі қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья үкімде.

Қазіргі уақытта күдіктінің он бір айлық баласы анасының қолында. Лифтіде пышақпен шабуыл жасаған кезде оның баласы ұйықтап жатқан.

Күдікті әйел бірінші қабатта, ал қайтыс болған турфирма қызметкері Наталья Никитина сегізінші қабатта тұрған.

Еске сала кетсек, өткен жылы 8 қарашада лифтіде 32 жастағы әйел пышақтап өлтірген болатын.

Артынша күдікті оның көршісі болып шыққаны анықталды. Ол қайтыс болған әйелдің жолдасымен жақын араласып, бала туып беріпті. Күдікті қылмысқа қызғаныштан барған екен.

Сіздің реакцияңыз
0
5
1
5
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel