RU
Петропавлда құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті құтқарып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Петропавлда құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті өлімнен арашалап қалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik.

Петропавлда өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды

Фото: hvylya.net

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 наурыз күні 112- пультіне бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеде тұрған ер азамат жайлы ақпарат келіп түскен.

"18 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші қызметіне қоңырау келіп түскеннен кейін оқиға орнына бірден құтқарушылар бригадасы жіберілді. Бірнеше минуттан кейін құтқарушылар мен учаскелік және полиция капитаны Медет Сәдуов жігіттің үйінің кіреберісінде тұрған" - дейді баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Құтқарушылардың біреуі терезеде тұрған ер азаматпен сөйлесіп, назарын аудармақ болған сәтте қалған екеуі төртінші қабатқа көтеріліп, есікті сындырған.

Жігіттің қарсыластығына қарамастан құтқарушылар оны соңғы секундтарда құтқарып қалған. Азаматқа сол сәтте психологиялық көмек көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel