Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды

Опубликовано:

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін уақытша атқаратын болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Qamshy.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Qamshy.kz: Depositphotos

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты>>>

Назарбаев: Мен бар күш-жігерімді аямай, адал қызмет еттім>>>

Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін>>>

Конституцияға сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауы жағдайында, мемлекет басшысының міндеті Сенат төрағасына өтеді.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дейін Қазақстан президенті қызметін атқаратын болады.

"Ол менімен басынан бастап бірге жұмыс істеп келеді. Барлық бағдарламалар оның қатысуымен жүзеге асып келді. Ол Қазақстан билігін сеніп тапсыруға болатын адам", - деді Назарбаев.
"Конституцияның 3 тармағына сәйкес, 2019 жылдың 20 наурызынан бастап өзімнің өкілеттігімді тоқтатамын.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 48 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасына беріледі", - делінген Елбасы жарлығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784373-kasym-zomart-tokaev-memleket-bassysy-kyzmetin-atkaratyn-boldy/

pixel