RU
Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін президенттік өкілеттілігін тоқтатты. Мемлекеттің конституциясына сәйкес мемлекет басшысының міндетін атқару парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: egemen.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: egemen.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды>>>

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси мансабы қалай басталған?>>>

Республикалық телеарналардың эфирінде президент өкілеттілігін тоқтататын қаулыға қол қойды.

" Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым ", - деп мәлімеді Назарбаев.

Тұңғыш президент Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелгенін де атап өтті.

Назарбаевтың сөзінше, президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады.

" Қазір парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары және премьер-министр, сенат төрағасы болды.
Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл - оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі. 
Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол - адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін", - деді тұңғыш президент.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel