RU

Тоқаевтың президент қызметіне ресми түрде қашан кірісетіні белгілі болды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттілігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа қашан берілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: aigak.kz
Фото: aigak.kz: Depositphotos

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды>>>

Назарбаев: Мен бар күш-жігерімді аямай, адал қызмет еттім>>>

Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін>>>

Президент бүгінгі видео-үндеуінде ант қабылдау рәсімі ертең 20 наурызда өтетінін мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 48 бабы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттілігі алдағы уақытта парламент сенатының төрағасына өтеді. Ол бұл лауазымға Қазақстан халқының алдында ант бергеннен кейін кіріседі.
Ант қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында ертең 20 наурызда сағат 12:00-де өтеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті мәлімде жасап, президент ретіндегі өкілеттілігін тоқтатанын хабарлаған.

Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының міндетін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқаратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1784394-tokaevty-prezident-kyzmetine-resmi-trde-kasan-kirisetini-belgili-boldy.html