RU
Назарбаев: Халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін

Назарбаев: Халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына үндеу жолдап, телеарналар арқылы көрсетілген тікелей эфирде президент өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Елбасы қазақстандықтарды көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Назарбаев: Мен бар күш-жігерімді аямай, адал қызмет еттім>>>

Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқаратын болды>>>

Назарбаев Тұңғыш Президенттің көмекшісін тағайындады>>>

Назарбаев еліміз жетістіктердің барлығына халықтың қолдауымен қол жеткізгенін баса айтып өтті.

"Осының бәрін сіздермен бірге жасадық, құрметті қазақстандықтар.
Осы жылдарда өткен барлық сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін.
Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   
"Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. "Нұр Отан" партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді", - деді Назарбаев.
"Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады",- деді ол.
"Біз әлемнің бір орында тұрмай, үнемі өзгеріп жатқанын көріп отырмыз.Жаңа мүмкіндіктермен қатар жаһандық жаңа технологиялық және демографиялық сын-қатерлер туындап, әлемдік тәртіп тұрақсыздана түсуде.Әрбір ұрпақтың атқаратын өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық.
Әлем өзгеріп, жаңа буын келеді. Бұл – табиғи процесс. Олар өз заманының проблемаларын шешетін болады. Сондай-ақ, елімізді одан әрі өркендету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға тиіс", - деп Тұңғыш президент тілегін білдірді.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel