RU
"Тәуелсіз мемлекет үшін рахмет": Геннадий Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Тәуелсіз мемлекет үшін рахмет": Геннадий Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстанның тұңғыш президентіне алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық спортшы Instagram парақшасында Елбасыға ризашылық сөздерін жазған.

"Қазақстандық азамат және өз елімнің патриоты ретінде Тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Бізде мақтанатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстан бар", -деп жазған ол.

Оған қоса, боксшы тұңғыш президентке денсаулық тілеген.

Айта кетейік, күні кеше Нүрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel