RU
АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік департамент өкілі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікір білдірді. Ол АҚШ Қазақстанмен серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін хабарлады деп жазады Риа Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

"Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы шешім қабылдағаны мен мемлекет басшысы міндетін атқарушы қызметіне сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалғанынан хабардармыз. Қазақстан-АҚШ-тың басым стратегиялық серіктестігі. Сондықтан, біз Қазақстанмен кең ауқымды мәселелер бойынша жұмысымызды жалғастыруға ниеттіміз", - деді мемдепартамент өкілі.

Сонымен қатар, маман Қазақстан мен Америка арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

"АҚШ пен Қазақстанның арасында тығыз екіжақты қарым-қатынас бар. Оған өткен жылы президент (Дональд) Трамп пен президент Назарбаевтың кездесуі дәлел бола алады. Біз бұл серпін жалғасады деп үміттенеміз", -деді ол.

Айта кетейік, күні кешке Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel