RU
"Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін": Тоқаевтың сәуегейлік сұхбаты

"Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін": Тоқаевтың сәуегейлік сұхбаты

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың жазында Қазақстан парламенті сенатының экс-спикері, қазіргі президент міндетін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Би-би-си арнасындағы "Hardtalk" бағдарламасына берген сұхбатында Назарбаевтың келесі президенттік сайлауға түсетініне сенбейтінін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

"Шынымды айтсам, мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін. Өйткені, ол өте ақылды әрі парасатты адам"- деген Тоқаев 2020 жылы президенттік сайлауда басқа кандидаттар болуы мүмкін екенін алға тартқан.

Кейінірек ол сұхбатта айтқан сөздерін түсіндіріп, назардың басқа жаққа аударылғанын айтты.

"Президент келесі сайлауға қатысса да, қатыспаса да сыртқы және ішкі саясатқа қатысты мәселелердің нүктесін өзі қояды",- деді Тоқаев сенат кулуарында.

Ол сондай-ақ, Елбасының сайлауға қатыспайтыны туралы сөздерінің неге негізделгенін атап өтті.

"Мен бірінші кезекте Елбасы өзі шешім қабылдайтынын айттым, ол парасатты, ақылды адам, ұлы көшбасшы, бұл жері сұхбаттан алынып тасталған. Біз барлық нұсқаны қарастыруымыз қажет", — деді экс-сенат төрағасы. 

Тоқаев журналистердің Нұрсұлтан Назарбаевқа лайықты бәсекелестер бар ма деген сұрағына жауап бермеді.

"Бұл менің құзырымдағы мәселе емес. Бұл мүлде басқа сұрақ. Мен өз сөзіме жауап беремін. Мен еліміздің өзінің ұлт көшбасшысы бар екенін айттым, оны еліміздің бүкіл халқы қолдап отырғанын айтпағанда, халықаралық аренада зор беделі бар",- деді ол.

Ал тілшілердің 2020 жылы Тоқаевтың өзі президенттік сайлауға қатыса ма деген сұрағына экс-спикер күліп, теріс жауап берген.

Айта кетейік, күні кеше Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты.

Мемлекет басшысы қызметін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратын болады.

Сіздің реакцияңыз
14
0
0
4
4
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel