RU
Белгілі саясаттанушы Қазақстанның болашағына болжам жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Белгілі саясаттанушы Қазақстанның болашағына болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Саясаттанушы Ерлан Сайыров Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан Республикасы президенті өкілеттілігін тоқтатуына байланысты пікір білдірді. Ол тұңғыш президенттің еңбегін жоғары бағалаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: dalanews.kz

Фото: dalanews.kz

Саясаттанушы мемлекетті жаңа басшылар басқаруы тиіс деген ойда.

"Елбасы бұл қадамды уақытында жасады. Жаңа басшылар Қазақстанды басқаруы керек. Қазақстан президенті оны бүгінгі үндеуінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елді 30 жылдай басқарды. Мемлекет басшысының елді басқару кезеңі Қазақстан тәуелсіздігі іргетасының қалануымен тұспа-тұс келді", - дейді Ерлан Сайыров.

Осыған қатысты Ерлан Сайыров Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің жұмысын жоғары бағалаған.

"Мұны атап өткен жөн. Себебі, шекара, еліміздегі мемлекеттік институттарды қалыптастыру мәселесі бар. Мұның барлығын Нұрсұлтан Назарбаев істеп шықты. Қазақстанды басқару оңай болған жоқ. Әрине, оның жұмысында кемшіліктер болды. Мысалы, саяси және экономика саласында. Оны жасырудың қажеті жоқ. Дегенмен, Назарбаевтың негізгі артықшылығы – ол тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды", - деді ол.

Сонымен қатар, саясаттанушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің уақытша президенті өкілеттігін атқаруына байланысты өз ойын айтып өтті.

"Біріншіден, ол – либерал. Екіншіден, Тоқаевтың халықаралық деңгейде белгілі бір ықпалы мен беделі бар. Кезінде ол БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Қазақстанның премьер-министрі қызметтерін атқарды. Тоқаев еліміздің экономикасын жақсы біледі, мінезі жұмсақ", - деді саясаттанушы өз сөзінде.

Cаясаткердің ойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент өкілеттілігіне енуі – саяси либерализацияға негіз болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
3
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel