RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісуде (онлайн)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісуде (онлайн)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 20 наурыз күні сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант беріп, Қазақстан президенті атанады. Күні кеше Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

KAZ.NUR.KZ отырысты онлайн режимде баяндайды. Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін парақшаны үнемі жаңартып отырыңыз.

12.01. Ант қабылдау орнына Қазақстан Республикасының туы салтанатты түрде шығарылды.

12.00. Нұрлан Нығматулин трибунаға шықты.

11.54. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент отырысын ашады.

11.30. Отырыс залында адам көбеюде. Салтанатты рәсімнің басталуына жарты сағат қалды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

11.08. Залға отырыс мүшелері келіп жатыр. Олардың қатарында тек қазақстандық билік өкілдері ғана емес, шетелдік елшілер мен қонақтар да бар.

10.43. Астанадағы тілшінің хабарлауынша, жақында Мәжіліс сайтында онлайн-көрсетілім басталуы мүмкін. Одан бөлек, сағат 12:00-ге қарай бірлескен отырыстың тікелей көрсетілімі республикалық телеарналар эфирінде қосылады.

10.20. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Әр түрлі уақытта ол Сыртқы істер министрі, премьер-министр қызметтерін атқарған. 2013 жылдың 16 қазанында Сенат спикері ретінде болып сайланды. Үйленген, бір ұлы бар.

10.10. Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізгенін хабарлады.

Қытай дипломаты Елбасыға Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ағымдағы жылдың сәуір айында Пекинде өтетін "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастықтың 2-форумына шақыруын табыс етті.

10.10. Парламент холлында әзірге тек журналистер ғана бар. Бірлескен отырысқа арналған зал есігінің сыртынан тек салтанатты әуендер ғана ойнап тұр. Бұл ант қабылдаудың дайындығына ұқсайды. Есік алдында ұлттық киім киген қыздар нұсқау күтіп тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

10:00. Журналистер тарихи оқиға орнына ағылуда.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

9:50. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметке ресми түрде кірісіп, ант беретін Мәжіліс ғимаратында бірлескен отырысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

9:42. Үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкі жүргізілген макроэкономикалық саясаттың сабақтастығы туралы мәлімдеме жасады.

"Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты болжамды қазыналық саясатты жүргізуін жалғастыра береді. Барлық бюджеттік міндеттемелер және әлеуметтік бастамалар толық көлемде орындалатын болады. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінетін болады".

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
8
5
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel