RU
"Көзімізге жас келді": Астаналықтар тұңғыш президенттің өкілеттігін беруі жайлы хабарды қалай қабылдады? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Көзімізге жас келді": Астаналықтар тұңғыш президенттің өкілеттігін беруі жайлы хабарды қалай қабылдады? (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналықтар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді деген жаңалықты үлкен таңданыспен қабылдаған. Қала тұрғындары, тіпті, көздеріне жас та алған екен. Еліміздің бас қаласында кешеден бері не өзгерді? Қала тұрғындарының көңіл-күйі қалай? KAZ.NUR.KZ тілшісі Астанадағы өзгерістер жайында біліп қайтты.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Елбасының кешегі видео-үндеуінен кейін қала тіршілігі тоқтамаған іспетті. Тек мереке қарсаңы болғандықтан ба, Астана көшелеріндегі кептеліс азайып, сырт көзге шаһар қаңырап бос қалғандай көрінеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де кешегі жаңалықтың "буы" болар, бас шаһар тұрғындары таң атысымен жұмыстарына күндегіден де асыға бара жатты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал шенеуніктер шоғырланған қаланың сол жағалауы бәз-баяғы қалпы. Министрліктер үйінде әдеттегідей жұмыс таңғы сағат 9-дан басталып кеткен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Елордалықтар Қазақстанның тұңғыш президентінен мұндай жаңалықты күтпеген едік дейді. Олардың кейбірі, тіпті, көздеріне жас алғандарын жасырмады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Көңіліміз босады. Әсіресе: "Президент ретінде жарлыққа соңғы рет қол қоюым" дегенде көзімізден жас ыршып түсті. Елбасымызға мың алғыс, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын" ,-деп өз әсерлерімен бөлісті астаналықтар.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қаладағы қоғамдық көліктерге жайғасқан тұрғындардың да бар әңгімесі – Елбасының кешегі үндеуі.

"Ашық аспан мен бейбіт өміріміз үшін үлкен рахмет, 30 жыл ел басқару деген оңай емес" деп жатты олар.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

P.S. Астанадағы жыл басы наурыздың келетінін тек көшедегі билбордтар мен мынадай стендтерден ғана байқауға болатын сияқты. Десе де, көпшіліктің көңілі күпті... Бас шаһар тұрғындарының бар ойы мерекеде емес, ел ертеңінде болып тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
16
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel