Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың тұңғыш ант қабылдау рәсімі қалай өтті? (фото, видео)

Опубликовано:

Кеше, 19 наурыз, Қазақстан үшін маңызды күндердің бірі болды. 30 жылға жуық мемлекетті басқарып келген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. KAZ.NUR.KZ тұңғыш президенттің алғашқы ант қабылдау рәсімі мен Кеңес Үкіметінің құлдырауынан кейін мемлекетті қалай басқарғанын еске алды.

2016 жылы Ақорда Facebook мен Twitter ресми парақшаларында Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы өткен бірінші инаугурациясынан мұрағатты фото мен бейнежазба жүктеді.

Нақтырақ айтсақ, салтанатты рәсім 10 желтоқсан күні болған.

"Құрметті қазақстандықтар! Біздің көпұлтты республикамыздың халқына адал қызмет етіп, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік етуге, өзіме жүктелген Қазақстан Республикасының президенті жоғарғы міндеттерін адал атқаруға ресми түрде ант етемін", - деп айтылған ант мәтінінде.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті инаугурациясы Алматыдағы Республика сарайында өткен.

Салтанатты рәсімге Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, құрметті азаматтар, тұрғындар мен жастар қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстан президенті өкілеттігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді. Бүгін Астанада парламент палаталарының отырысында Тоқаевтың ант қабылдау рәсімі өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784483-nazarbaevty-tgys-ant-kabyldau-rsimi-kalaj-tti-foto-video/

pixel